Нигериядағы су тасқыны 170-тен астам адамның өмірін қиды

«Әсіресе Нигерияның солтүстік аймақтары көп зардап шекті», - деп келтіреді оның сөзін CNN.
Толассыз жауған жаңбыр мен екі ірі өзен – Нигер мен Бенуэ өзендері деңгейінің көтерілуі салдарынан елдің басқа аймақтарына елеулі қауіп төніп тұр. Су көздерінің ластануына байланысты тырысқақ ауруының өршу қаупі бар.
Нигерияның гидрологиялық қызмет агенттігі Нигер өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туралы ескертеді.
- Нигериямен көршілес Нигер Республикасында төтенше гуманитарлық жағдай қалыптасты. Елде соңғы 50 жылда болған нөсер жауын соңы жойқын су тасқынына ұласты. Жергілікті биліктің мәліметінше, Нигер өзенінің тасқыны салдарынан ел астанасының көп ауданы су астында қалды, 150 адам қаза тапты, он мыңдаған адам баспанасынан айырылды, деп хабарлайды Мalijet порталы.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz