Нигерияда қайық аударылып, жүздеген адам қаза тапты
Нигерияның оңтүстік-батысындағы Нигер өзенінде қайық аударылып, 100-ден астам тұрғын суға батып кетті, көптеген адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.
Кеме той салтанатынан кейін Квара штатынан Нигер штатына 300-ден астам адамды алып бара жатқан.
Ресми тұлғалардың сөзінше, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Қонақтар нөсер жауыннан кейін жолдарды жауып қалған жергілікті өзеннен өту үшін қайықты пайдаланбақ болған. Көрші ауылға неке қию салтанатына барғандар жолдар жарылып кеткендіктен мотоциклмен қайта алмай қалған.
Қайық ағаштың діңіне соғысқаннан кейін аударылып, екіге бөлініп кеткен. Оқиға жергілікті уақытпен 3 пен 4 арасында болды. 53 жолаушы аман қалды. Қайықта болған басқа адамдардың бәрі қаза тапты деген қауіп бар.
Квара штатының үкіметі марқұмдардың отбасына көңіл айтып, аман қалғандарды табу үшін құтқару жұмыстарын бақылап отырғанын мәлімдеді.
Қайықтағы апат – солтүстік Нигериядағы қалыпты жағдай. Өткен айда Сокото штатының солтүстік-батысында қайық аударылып 15 адам мерт болған.