Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі жасар бала 5 күн бойы тауда аштан-аш жатып аман қалған

Екі жасар бала 5 күн бойы тауда аштан-аш жатып аман қалған

Никарагуаның солтүстігінде таудан екі жасар бала табылды. Ол тауда сусыз, тамақсыз 5 күн бойы болған, деп жазады Stan.kz.

Екі жастағы Энтони Йохендри Монтенегро Эррераны көршісі Марвин Гомес үйінен 300 метр қашықтықта тапқан. Баланы ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер тексеріп көрді. Баланың терісі кірлеп, тітіркенген. Бірақ денсаулығына зақым келмеген.

Дәрігерлер екі жасар баланың бес күні аш-жалаңаш қалай жатқанын, қалай аман қалғанын түсіне алмады. Баланың әкесі Лазаро Монтенегро оны әлдекімдер ұрлап кетіп, біраз уақыттан соң еркіне жіберген деп болжайды.

Қазір бала ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Жергілікті құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, баланың жоғалуына кімнің қатысы барын анықтап жатыр.
ernur.kz
14 наурыз 2019 ж. 918 0