Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дағыстанда жанармай стансасы жарылып, 13 адам мерт болды

Дағыстанда жанармай стансасы жарылып, 13 адам мерт болды

Дағыстанның Махачкала қаласындағы жанармай станциясында болған жарылыстан кемінде 13 адам мерт болды, деп хабарлады euronews.com РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға жұма күні кешке Дағыстан астанасының маңындағы Новый Хушет ауылында болған.
Төтенше жағдайлар министрлігі жарылыстан техстанция мен асханаға зақым келгенін хабарлады. Жарылыс кезінде ол жерде адамдар болған және 20 адам жарақат алған.

Ресей Тергеу комитетінің Дағыстан бойынша тергеу басқармасы жарылысқа байланысты іс қозғады.
«РФ ҚК 238 бабы, 3 тармағы (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) бойынша іс қозғалды»,-делінген ведомство хабарламасында.
Билік 28-ші қыркүйекті азат тұту күні деп жариялады.
«Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері Дағыстандағы жарылыс болған жанармай станциясындағы өртті сөндірді. Құтқарушылар қирандыларды аршып жатыр»,-деп хабарлады бүгін кешкісін ресейлік ТАСС агенттігі.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 

28 қыркүйек 2024 ж. 99 0