Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ташкентте жойқын жарылыс болды

Ташкентте жойқын жарылыс болды

Ташкенттегі қоймалардың бірінде жойқын жарылыс болып, өрт шықты. Бұл туралы Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 28 қыркүйек сағат 02:43 шамасында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекші бөліміне Ташкент қаласы Сергелий ауданының «Строитель» массивінің аумағында орналасқан қоймалардың бірінде болған жарылыс және одан кейінгі өрт туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндіруге 16 өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылған.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, олардың нақты саны әзірге белгісіз. Зардап шеккендер республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығына және оның Ташкент облысындағы филиалына жатқызылған. Олардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта әлеуметтік желілерде жарылыс ұшақ апатымен байланысты деген жалған ақпараттар тарап жатқаны айтылған. Сондай-ақ ведомство өрттің оқшауланғанын мәлім етті.
28 қыркүйек 2023 ж. 811 0