Мексиканың алғашқы әйел президенті ресми түрде қызметіне кірісті
Клаудия Шейнбаум ресми түрде Мексика президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шейнбаум – республиканың 200 жылдан астам тарихындағы тұңғыш әйел президенті. Ол 2 маусымда өткен президенттік сайлауда жеңіске жетті, бірақ ұлықтау рәсімі 1 қазанда Мехикодағы Сан-Лазаро заң шығару сарайында өтті.
Президент өзінің Х-тегі парақшасында сол күннің шежіресін анық жазды.
Ол әйелдер құқығын нығайтуға уәде беріп, Мексика шетелдік инвестиция үшін қауіпсіз жер болып қала беретініне сендірді.
Сурет: ашық дереккөз