Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдік мұнай бағасы түсіп кетті

Әлемдік мұнай бағасы түсіп кетті

ICE Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 77,34 долларға дейін түсіп, 4,43 пайызға құлдырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

WTI маркалы мұнай бағасы 73,71 долларға түсіп, 4,44 пайызға арзандады.

Айта кетейік, 7 қазан күні ғана Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 80 долларға дейін жеткен еді.

Сарапшылар мұнай бағасының Қытайдың даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссиясының баспасөз конференциясы аяқталғаннан кейін құлдырағанын айтып отыр. Инвесторлар Қытай билігі тарапынан батыл шешімдер күткен болатын. Бірақ ҚХР билігі Қытай экономикасын ынталандыру бойынша қосымша шаралар қабылдамау туралы шешім шығарды.


Сурет: ашық дереккөз 
09 қазан 2024 ж. 231 0