Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Моңғолиядағы инфляция 2024 жылдың қыркүйегінде 6,7 пайызды құрады

Моңғолиядағы инфляция 2024 жылдың қыркүйегінде 6,7 пайызды құрады

Моңғолиядағы инфляция 2024 жылдың қыркүйегінде 6,7 пайызды құрады. Бұл туралы сәрсенбі күні елдің Ұлттық статистикалық комитеті хабарлады, деп жазды Синьхуа ақпарат агенттігі.

– Моңғолиядағы инфляцияның өсуі импорттық тауарлар бағасының 32,2 пайызға, білім беру қызметтері – 18,6 пайызға, қоғамдық тамақтану, жатақханада тұру және қонақ үй қызметтері – 8,9 пайызға, киім-кешек, тоқыма және аяқ киім – 8,2 пайызға, тұрмыстық техника және электрониканың – 7,6 пайызға өсуімен түсіндіріледі, - делінген ресми мәлімдемеде.

Моңғолия Орталық банкінің мәліметінше, 2024 жылдың тамызында Моңғолияда жылдық инфляция 6,5 пайызды құрады. Бұл ретте Моңғолияның 3,5 млн халқының жартысынан астамы тұратын ел астанасы Ұлан-Баторда бұл көрсеткіш 6,2 пайызға дейін төмендеген.

Азия даму банкінің (АДБ) қыркүйектегі болжамына сәйкес, Моңғолия экономикасы 2024 жылы 5,5 пайызға және 2025 жылы 6 пайызға өседі. Банк сарапшылары одан әрі экономикалық өсім қызмет салалары мен өнеркәсіп, оның ішінде тау-кен өнеркәсібін кеңейту арқылы қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөзден
10 қазан 2024 ж. 259 0