Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдың жалпы ішкі өнімі үш тоқсанда 4,8%-ға өсті

Қытайдың жалпы ішкі өнімі үш тоқсанда 4,8%-ға өсті

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қытайдың жалпы ішкі өнімі 94,97 трлн юаньға (шамамен 13,33 трлн доллар) жетті. Бұған Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік статистикалық басқармасы өкілдерінің брифингте берген мәліметтері дәлел. 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қытайдың ЖІӨ 4,8%-ға өсті.
2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытай қалаларындағы жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрады.
Биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайда қызмет көрсету саласындағы қосымша құн 4,7%-ға өсті.
Еске сала кетсек, 2023 жылы Қытайдың ЖІӨ 5,2%-ға өсті, ал 2024 жылға арналған мақсатты экономикалық өсу қарқыны шамамен 5% деңгейінде белгіленген болатын.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайда ұлттық валютада (юань) берілген несиелер көлемі 16,02 трлн юаньға (шамамен 2,27 трл доллар) өскен.
Goldman Sachs Қытайдың 2024 және 2025 жылдарға арналған экономикалық өсіміне қатысты болжамын елдегі экономикалық өсуді арттыруға бағытталған соңғы шаралар негізінде көтерді.


Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дерекөзден алынды

18 қазан 2024 ж. 324 0