Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің басты жылу электр орталығындағы апаттан соң Куба электр қуатынсыз қалды

Елдің басты жылу электр орталығындағы апаттан соң Куба электр қуатынсыз қалды

Куба жұма күні ірі электр орталығындағы апаттан соң электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды BBC.
Куба жұма күні ірі электр орталығындағы апаттан соң электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды BBC.
Апат күндіз сағат 11:00-дер кезінде болған, билік өкілдері әзірге апат салдары қашан жойлатынын білмей отыр.
Елде бірнеше айдан бері ұзаққа созылған блэкауттар болып жатыр. Бейсенбі күні премьер-министр тіпті «төтенше энергетикалық жағдай жариялады».
Соңғы блэкаут аралдағы ірі электр станциясы саналатын Матансастағы Антонио Гутьеррес атындағы ЖЭО-да болған апаттың нәтижесі.
Куба премьер-министрі Мигель Диас-Канель электр энергиясын қалпына келтіруді өзінің басым міндеті екенін мәлімдеді. Осыған дейін билік өкілдері барлық мектептердің және түнгі клубтар сияқты маңызы екінші кезектегі мекемелер дүйсенбіге дейін жабық болатынын жариялады.
Куба тұрғындарын сондай-ақ мұздатқыш, электр плиталары сияқты электр қуатын көп шығындайтын құрылғыларды тоқ белсенді қолданылатын уақытта қоспауға шақырды.
Бейсенбі күні халыққа теледидар арқылы үндеу жасаған Кубаның премьер-министрі Мануэль Марреро энергетика инфрақұрылымының құруы, отынның жетіспеушілігі және электр энергеиясына деген қажеттіліктің өсіп келе жатқанын дағдарысқа әкелген факторлар ретінде атап өтті.


Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: kyn.kz
19 қазан 2024 ж. 362 0