Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Эквадордың 18 млн тұрғыны жарықсыз қалды

Эквадордың 18 млн тұрғыны жарықсыз қалды

Эквадордың бүкіл аумағында электр желісінің істен шығуына байланысты тұрғындар жарықсыз қалды. Бұл туралы сәрсенбі күні елдің Көлік және қоғамдық жұмыстар министрі Роберто Луке мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

    «Ұлттық желі операторының ақпаратына сәйкес, электр желісінде ақау болғандықтан, ел жарықсыз қалды. Билік мәселені шешуге тырысып жатыр», - деп жазды министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Қалпына келтіру жұмыстары шамамен 4 сағатқа созылды. Кейінірек Эквадорда электрмен жабдықтау 95%-ға қалпына келтірілгені белгілі болды.

El Universo газетінің мәліметінше, Эквадордың әртүрлі қалаларынан сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-ден кейін (Астана уақытымен сағат 20:00) электр қуатының өшкені туралы хабарламалар келе бастады.

Китода бағдаршамдар істемей қалғандықтан, кептеліс болды. Елде интернет істен шықты.  

Эквадор бірнеше ай бойы рекордтық құрғақшылық жағдайында бүкіл елдегі су электр станцияларының жаппай тоқтатылуына, сондай-ақ көрші Колумбиядан электр энергиясын жеткізудің тоқтатылуына байланысты энергетикалық дағдарысқа тап болды.

20 сәуірде Эквадор президенті Даниэль Нобоа төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
20 маусым 2024 ж. 282 0