Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде 1,3 мыңнан астам үй су астында қалды

Ресейде 1,3 мыңнан астам үй су астында қалды

Бұл туралы РФ ТЖМ Краснодар өлкесі басқармасынан хабарлады, деп жазады Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресейдің Кубань қаласында толассыз жауған нөсер салдарынан елді мекендерді су басты. Бүгінгі таңда су астында қалған үйлер саны 1,3 мыңға жетті, сонымен қатар 1,6 мың ауланы су басты.
Кеше кешке ТЖМ өңірлік басшылығы Краснодар өлкесінде ауа райының қолайсыздығынан 352 үй мен 878 ауланы су басқанын хабарлады.
«Осы циклон салдарынан 19 елді мекендегі 1344 жеке үй, 1683 ауланы су басты», деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар бес лагерьдегі 989 баланы эвакуациялады.
847 тұрғын, соның ішінде 588 бала уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді.
Темрюк ауданы Старотитаровск стансасында 25 адам эвакуацияланды.
11 елді мекенде электр істен шығып, 108 мың адам жарықсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
14 муниципалитетте төтенше жағдай режимі жарияланды.
14 тамыз 2021 ж. 308 0