Қызылорда қаласы мен 5 аудан жарықсыз қалды: Мамандар брифинг өткізді

16 наурыз күні кешке Қызылорда қаласы мен облыстың 5 ауданы жарықсыз қалған болатын. 220 кВ кернеуінің күрт төмендеуінен электр энергиясы ажыратылған. Мәлім етілгендей, жарық кезең-кезіңімен беріліп, таңғы 08.30-ға дейін толықтай қалпына келтірілді. «Кеше әлеуметтік желілерде «Қызылорда жылу электр орталығында» апатты жағдай орын алғаны туралы ақпарат – жалған. Алайда Жамбыл облысындағы «KEGOC» ұлттық операторының 220 кВ желісінде апатты жағдай орын алды. Сол себепті оңтүстік өңірлерде жарық болмады. Қазіргі уақытта шектеу алынды, электр энергиясы қалпына келтірілді. Орын алған жағдайға байланысты комиссия құрылып, ажыратулардың себебін тексеруде», - деді «KEGOC» АҚ-ның өкілі Тілеуберген Қаныбетов.