Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда балаға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді

Өзбекстанда балаға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді

Өзбекстанда балаларға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді. Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге тиісті өзгеріс енгізуді көздейтін заңға кеше ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Тиісті түзетуге сәйкес, Өзбекстанның Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарымен қорғалатын тұлғалар тобына балалар енгізілді.

Бұл ретте егер бүлдіршін физикалық қысым көретін болса ғана күдіктінің үстінен аталған баптар бойынша іс қозғалатынын ескерген жөн.

Сонымен қатар, Өзбекстанның Қылмыстық іс жүргізу кодексі де жаңа баптармен толықты. Атап айтқанда, енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты істерде тараптардың татуласу туралы өтініші тек сот талқылауы сатысында беріледі.

Бұған дейін Өзбекстанда медиация бойынша өтінішті істі алдын ала тергеу кезеңінде жолдауға болатын.

Сурет: kaz.inform.kz
22 қазан 2024 ж. 380 0