Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай мен Үндістан басшылары Татарстанға сапармен барды

Қытай мен Үндістан басшылары Татарстанға сапармен барды

22-24 қазан күндері Татарстан астанасында БРИКС саммиті өтеді. Шараға қатысу үшін қалаға әлемдік және өңірлік державалардың бірқатар басшысы келді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
БРИКС саммитіне қатысу үшін Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Татарстанға келді. Бұдан бөлек Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса, Эфиопия премьер Аби Ахмед, Бразилия Сыртқы істер министрі Мауро Виейра бастаған делегация және Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси де ат басын Қазанға бұрған.
РФ Президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Қазандағы БРИКС саммитінің негізгі тақырыптары – көпжақтылықты нығайту, бірлестіктің жаңа мүшелерінің интеграциясы, жаһандық күн тәртібі, сондай-ақ аймақтық қақтығысты реттеу. Алдын ала мәлімет бойынша, шараға 59 мемлекеттен 20 мыңға жуық делегат, сондай-ақ екі мыңға жуық тілші қатыспақ.

Сурет: kaz.inform.kz
22 қазан 2024 ж. 533 0