Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстан Амудария бассейнінен мұнай өндіруді көздеп отыр

Ауғанстан Амудария бассейнінен мұнай өндіруді көздеп отыр

Ауғанстан Амудария бассейнінде 25 жаңа мұнай ұңғымасын ашуды жоспарлап отыр, бұл аудандағы тәуліктік мұнай өндіруді 3 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді, деп жазады TOLOnews.

Ауғанстанның Тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрлігінің мәліметінше, қазір бұл жерлерде 24 ұңғыма жұмыс істеп жатыр, олардан тәулігіне 1,3 мың тонна мұнай алынады.
Жергілікті сарапшылар билікке нақты әрі пропорционалды жоспар негізінде жаңа ұңғымаларды қазып, өндірілген мұнайды өңдеуге инвесторлар тартуды ұсынып отыр.
– Ауғанстанда әлеуетті бай табиғи ресурстар бар, бірақ, өкінішке қарай, бізде бұл ресурстарды өңдейтін заманауи құрал-жабдықтар жоқ, – дейді экономикалық сарапшы Абдул Захур Мадабер.

Ақпарат көзі: ​kaz.inform.kz​​​
23 қазан 2024 ж. 45 0