Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Испаниядағы су тасқынынан 200-ден астам адам көз жұмды

Испаниядағы су тасқынынан 200-ден астам адам көз жұмды

Испания билігі Валенсиядағы су тасқынының салдарын жою үшін 10 мың әскери және полиция қызметкерлерін жібергенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ВВС таратқан ақпаратқа сәйкес, апат салдарынан қаза тапқандар саны 200-ден асқан.

Ал жергілікті тұрғындар билікті апат туралы дер кезінде хабарламай, өте жылдам әрекет етті деп айыптап отыр.

Испанияның премьер-министрі Педро Санчес зардап шеккен өңірлерге 5 мың әскери қызметшілер мен 5 мың полицей жіберілгенін айтты. Осылайша, табиғи апат аалдарын жоюға жалпы 18 мыңға жуық күш құрылымы жұмылдырылған.

Ол Валенсиядағы су тасқынын осы ғасырда Испания бастан кешірген ең күрделі апат деп атады.

Соңғы деректерге сәйкес, апаттан 211 адам қаза тапқан. Көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Себебі іздеу операциясы жалғасып жатыр.

Ақпарат көзі: baq.kz
Сурет: ашық дереккөзден алынды
03 қараша 2024 ж. 559 0