АҚШ президенті Ақүйде Джо Байденмен кездесті
Президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Ақүйде экс-президент Джо Байденмен жүздесті. Кездесу барысында Байден билікті президентке бейбіт жолмен беруге ниетті екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп кездесудің мүмкіндігінше жайлы өтетініне сөз берді.
“Жаңа сайланған және бұрынғы президент Дональд мырза, құттықтаймын! Біз билікті бейбіт түрде табыстағымыз келеді және сіздің қажет нәрсеңіздің бәрі болуы үшін барымызды саламыз. Бүгін біз осы мәселелердің кейбірін талқылаймыз. Қош келдіңіз, оралуыңызбен”, – деді Джо Байден.
Трамп өз сөзінде саясаттың қатал екенін атап өтті.
“Саясат – жалпы әлемді жағымды деп айтпас едім. Бірақ бүгін ерекше жағымды жағдай болып отыр және мен мұны бағалаймын”, – деген Трамптың сөзінен кейін екі саясаткер қол алысты.
Трамп пен Байден сайлау кезінде бір-бірін қатал сынға алған еді. Олар соңғы рет маусым айындағы пікірталас кезінде кездеске. Көп ұзамай Байден өзінің жасына және президенттік қызметке қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты жарыстан шығып қалды.
Жаңа сайланған президент пен бұрынғы президенттің бетпе-бет жүздесуі – америкалық саясаттың бұрыннан келе жатқан дәстүрі. Алайда 2020 жылғы Трамп жеңілген сайлаудан соң Джо Байден онымен кездесуден бас тартқан еді.
Қазір Трамп белсенді түрде өз әкімшілігін құруды жалғастырып жатыр.
Бұған дейін Трамптың тележүргізушіні қорғаныс министрі етіп, Маскты департамент басшысы етіп тағайындағалы жатқаны туралы жаздық.