Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Конгода адамдар жаппай жоғалып жатыр

Конгода адамдар жаппай жоғалып жатыр

Конгоның шығысында экстремистер адамдарды ұрлап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АВС News таратқан мәліметке сәйкес, олар 13 адамды өлтірген. Ал ұрланған адамдардың саны одан да көп болуы мүмкін.
Қаза тапқандар арасында әйелдер бар. Қаскөйлер құрбандардың үйлерін өртеп, тонап кеткен.
Шығыс Конго бірнеше ондаған жыл бойы қаруланған зорлық-зомбылықпен күресіп келеді. 120-дан астам топ билік, жер және бағалы минералдық ресурстар үшін халықты қанауда. Кейбір қарулы топтар адамдарды жаппай өлтіруді ұйымдастырған.
Соңғы жылдары олардың шабуылы күшейгені соншалықты Конгоның шығысындағы басты қала – Гомуды, сондай-ақ көрші Итури провинциясына дейін таралған.
Фото: emaze.com
17 қараша 2024 ж. 74 0