Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Антальяда жолаушысы бар ресейлік ұшақ өртке оранды

Антальяда жолаушысы бар ресейлік ұшақ өртке оранды

Түркияның Анталия қаласындағы әуежайда ресейлік Azimut Sukhoi Superjet 100 (SSJ-100) әуе компаниясының ұшағы қону кезінде өртеніп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқыс жағдай 24 қараша күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Сочиден ұшып келген ұшақтың қозғалтқыштарының бірінен өрт шыққан. Антальяда қалың қар жауып, метеорологиялық жағдайға байланысты қону қиын болған. Әуе компаниясы өкілінің айтуынша, ұшақ "желдің қозғалуының" салдарынан қатты қонған.
Түркияның көлік министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде бортта 89 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ командирі адамдарды үрлемелі баспалдақтар арқылы эвакуациялауды шешкен.
“Қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Біз ұшу-қону жолағындағы жағдай қалыпқа келгенше келген ұшақтарды басқа әуежайларға бағыттадық. Өрт ұшақтың сол жақтағы қозғалтқышынан шықты”, – деді Анталья әуежайының азаматтық әкімшілігі басшысының орынбасары Суат Сейитоглу.
Жолаушылардың бірі ұшақтың 40 минуттай төмен түскенін айтты. Ұшу кезінде ұшақтан гуілдеген дыбыс шыққан. Әуежайда ұшақтың тежегіші кенет басылып, бірден ұшу-қону жолағына қонды. Ұшақтың іші түтінге толып кетті.
Кейін куәгерлер ұшақтағы жанармай төгіліп, өрт шыққанын көрген.
Mash Telegram-арнасының мәліметінше, ұшақ жерге қонар кезде сол қанатымен соғылған. Салдарынан өрт шыққан. 
Өртті әуежайдың жерүсті қызметінің қызметкерлері тез арада сөндірді. Төтенше жағдай салдарынан әуежайда ұшу-қону жолағы жабылды. Басқа ұшақтардың қонуы тоқтатылып, бірқатар рейстер кейінге шегерілді.
25 қараша 2024 ж. 64 0