Испанияда шаруалар жаппай шеруге шықты
Шаруалар ауыр техникамен қала көшелерін жауып, жол қозғалысына қиындық туғызды. Осылайша, Еуроодақ елдері мен Оңтүстік Американың Mercosur блогы арасындағы еркін сауда келісіміне қарсылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Өнімдеріміз өтімсіз, пайдадан қағылатын болдық» деген фермерлер Латын Америкасынан импортталатын арзан тауарларға тосқауыл қоюды талап етті. Жосықсыз бәсекелестіктен жергілікті шаруа қожалықтары дағдарысқа ұшырап, жабылып қалуы мүмкін екенін айтады.
Сондықтан шенеуніктер жанайқайымызға құлақ түріп, фермерлерді тұншықтыруды доғарса, – дейді.
Сурет: ашық дереккөзден