Ел ағаларының еңбегі ерек

Осы ретте қарапайым халық үніне құлақ түріп, мәселенің мәнін табуға тырысқан құзырлы орын басшыларына алғысымды айтқым келеді. Елім дейтін ер барда, ерім дейтін ел қашанда табылады. Жомарттық қалпынан айнымаған жұртымыз да жан-жақтан аралдықтардың ауыр жүгін көтерісуге атсалысуда. Осының бәрі біздің мызғымас бірлігіміз бен татулығымыздың жемісі деп білемін.
Р. ЕРЖАНОВ,
Арал қаласы