Бәрі де уақытша

Қуаңшылықтың салдарынан мал түзден қылтық шөп таппай, су ішуге барып тартылған көлдің батпақты табанынан шыға алмай жаппай қырыла бастады. Жаз басында шараулар шырылдап өздерінің халін тиісті орындарға жолдады. Әрине елдегі осы ахуал ешкімді бей- жай қалдырған жоқ. Аралдағы шаруалардың жағдайына алаңдаушылық білдірген сала басшылары тиісті шара қабылдап, мәселені оң шешуге атсалысты. Аудан аумағында төтенше жағдай жарияланып шаруалардың шығындары өтелуде. Көп түкірсе көл демекші көршілес аудандар да аралдықтардың қиындығын біргі көтерісіп, жем-шөп жеткізуде. Әрине, қазір бәрі тамаша деп айта алмаймыз. Бірақ күрделенген мәселенің шешілу жолдар өз нәтижесін беруде.
Бұл да табиғи заңдылық. Тіршілік бар жерде қиындық та, қуаңшылық та, молшылық пен дарханшылық та болады. Тек ештеңе мәңгі емес. Сондықтан ел басына келген бұл қиындықтар да уақытша деп ойлаймын. Осылай елдің ауызбіршілігі болатын болса, қиындықтарды оңай еңсеретін боламыз.
Нұралы ОСПАНОВ,
аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы