Ауданға жоңышқа шөбі жеткізілуде

Аталған мәселеге байланысты аудан әкімі Серік Сермағамбетов төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде комиссия отырысын өткізіп, жауапты мамандарға төрт түлік малды жем-шөппен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жасауды тапсырған болатын.
Осы орайда, аудан кәсіпкерлері тарапынан бүгін көршілес аудандардан жоңышқа шөбінің престері әкелінуде. Жеткізілген жем-шөп қоры алдымен қиын жағдайдағы ауылдық округтерге сатылымға ұсынылуда.

"Толқын" ақпарат