Өзбекстан парламенті елдің 2025 жылға арналған бюджетін мақұлдады

Парламенттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шоғырландырылған бюджет кірісі 431 трлн сум (шамамен $33,4 млрд), шығыстар 480,5 трлн сум ($37,3 млрд) шамасында жоспарланған.
Бұл ретте мемлекеттік қазынаның кірісі - 308,5 трлн сум ($23,9 млрд), шығыстары - 344,8 трлн сум ($26,7 млрд) мөлшерінде болжанып отыр. Сонымен қатар, инфляция 7% деңгейінде болуы ықтимал.
Қабылданған заңда барлық шығындардың 52% әлеуметтік салаға бағытталатыны жазылған. Мәселен, медицинаға - 41,3 трлн сум ($3,2 млрд), ал экология мәселесін шешуге 3,6 трлн сум ($279 млн) бөлінеді.
Еске салайық, таяуда Өзбекстанның жалпы ішкі өнім көлемі алғаш рет $100 млрд асты.
Сурет: kaz.inform.kz
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнім көлемін $200 млрд жеткізуді жоспарлап отыр.