Мәдениет орталығы ашылды
Қазақстанның Пәкістандағы елшілігі белгілі өнер қайраткері, Пәкістанның ұлттық мұра және мәдениет жөніндегі бұрынғы министрі Джамаль Шах ұйымдастырған «Жібек жолы» мәдениет орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Аталған іс-шара Әзербайжан, Иран, Қытай, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан елшіліктерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Алқалы жиын барысында Қазақстан елшісі Ержан Қыстафин құттықтау сөз сөйлеп, өңір елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда мәдени ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени байланыстарды дамытып, нығайту жөніндегі жоспарларға тоқталды.
Елші өз сөзінде «Жібек жолы» мәдениет орталығының ашылуы өңір мемлекеттері арасындағы мәдени және дипломатиялық қатынастарды күшейтудің маңызды қадамы болғанын атап өтіп, еліміздің бұл бастаманы толығымен қолдайтынын мәлімдеді.
Іс-шара барысында ұйымдастырылған көрмеде келушілер Қазақстан халқының бай мәдени мұрасы, әсем табиғаты, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бейнеленген картиналар, кітаптар және фотосуреттермен танысты.
Ақпарат көзі: egemen.kz
Сурет: ашық дереккөзден алынды