Жапония әуе желісі кибершабуылға ұшырады

Бұл жергілікті және халықаралық рейстерге әсер етіп жатыр.
Kyodo агенттігінің хабарлауынша, әзірге 14 ішкі рейс кейінге шегерілді. Жолаушылар жүгін қабылдау қызметінде қиындықтар туындаған. Әуе компаниясы бүгінге билет сатылымын шектеді.
Биыл жыл басында Сиэтл-Такома халықаралық әуежайы да кибершабуылға тап болды.
Сурет: 24.kz