Түркияда күн күрт суытып, -33 градус аяз басталды
Түркияның шығысында ауа температурасы бірден төмендеп, күн күрт суытты, деп хабарлайды
azertag.az таратқан мәліметке сәйкес, Эрзурум провинциясының Текман ауданында термометр бағанасы рекордтық 33,1 градусқа дейін төмендеген.
Түркияның бас метеорология басқармасы Эрзурумдағы Гаджиомер ауылын "соңғы тәуліктегі елдегі ең суық нүкте" деп атады.
Өзендер мен көлдерге мұз қатты. Халық қатты қажеттілік болмаса, көшеге шығудан қалған.
Ардахане провинциясындағы Геле ауданында температура 28,8 градус аязды көрсетсе, Эрзинджанедегі Чайырлы ауданында - минус 27,8, Вандағы Чалдыран ауданында - минус 26,6, Сарыкамышта (Карс) - минус 22,1 аязға жетті.
Сурет: ашық дереккөзден алынды