Алдағы тәуліктерде қар жауады
![](/uploads/posts/2020-10/medium/1603272548_rayy.jpg)
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. Онымен бірге жауын-шашын болып, арты жаңбыр қарға ұласады.
kyzylorda-news.kz«Бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады. Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында минус 5-13 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді», – деді Қазгидромет.