Түркияда 22 қаңтар ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Anadolu агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, елде және шетелдегі елшіліктерде мемлекеттік ту төмен түсіріледі.
Еске салайық, 21 қаңтарға қараған түні Карталкая тау-шаңғы шипажайында болған өрт салдарынан 66 адам қаза тауып, 51 адам жарақат алған.
Түркияның ІІМ басшысы Әли Ерликая оқиға орнында өртті жою мен құтқару операцияларын жүргізу үшін түрлі мемлекеттік мекемеден 267 қызметкер жұмыс істеп жатқанын алға тартты.
Ердоған қаза тапқан жандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тіледі.
Жағдайды тиісті мемлекеттік органдар арқылы басынан бастап мұқият қадағалап отырмыз. Тексеру бірден басталды. Болудағы зардап шегушілер мен тұрғындарға қайғырып көңіл айтамын, - деді президент.
Карталкаядағы өртке кінәлілер заң алдында жауап беретіндерін алға тартқан түрік көшбасшысы жағдайды жеке бақылауына алды.
Сурет: baq.kz