Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түзеу мекемесінде отырғандар кітап оқығаны үшін жазасын қысқарта алады

Түзеу мекемесінде отырғандар кітап оқығаны үшін жазасын қысқарта алады

Өзбекстанда сотталғандарға жаза мерзімін қысқарту үшін кітап оқу жүйесін енгізу бастамасы қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Podrobno.uz сайтының жазуынша, Өзбекстанның Олий Мәжіліс заң шығару палатасы «Миллий тикланиш» партиясының сотталғандардың жаза мерзімін кітап оқу арқылы қысқарту туралы бастамасын қолдады.

Заң жобасына сәйкес, бекітілген тізім бойынша оқылған әр кітап және табысты тапсырылған емтихан сотталған адамның жаза мерзімін үш күнге қысқартады.

Бұл бастама тек жазаны қысқарту үшін ғана емес, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жаза жеңілдіктерін қарау кезінде де ескеріледі. Осыған байланысты Қылмыстық-процессуалдық кодексіне (536-1-бап) және Қылмыстық-атқару кодексіне (80-1-бап) тиісті өзгерістері енгізілмек.

Өзбекстан билігі халықаралық стандарттарға сәйкес сотталғандардың құқықтарын қорғау және оларды қайта әлеуметтендіру бағытында бірқатар реформа жүргізіп жатыр.

    «Бұл бастама сотталғандарды өзін-өзі дамытуға ынталандырып қана қоймай, олардың түзелуге деген құлшынысын арттырады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай реформалар оң нәтиже береді», – деп атап өтті заң шығарушы орган өкілдері.

Сурет: egemen.kz
15 ақпан 2025 ж. 115 0