Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 жастағы әке өз баласын өлтірмек болған

15 жастағы әке өз баласын өлтірмек болған

Мәскеу облысының Орехово-Зуево қаласында полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені өлтіруге оқталды деген күдікпен 15 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша басқармасы мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, 26 ақпанда жасөспірім кәмелетке толмаған қызбен бірге пәтерде дүниеге келген нәрестені қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген. Өтіп бара жатқан адамдар баланың жылаған дауысын естіп, оны құтқарып қалды.

Ұсталған жасөспірімнің баланың әкесі екені анықталды. Ол РФ Қылмыстық-процестік кодексінің 91-бабынасәйкес қамауға алынды.

Ал нәрестенің анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмағандықтан, профилактикалық бақылауға алынған. Жақын арада жасөспірімнің бұлтартпау шарасы белгіленеді.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай
02 наурыз 2025 ж. 69 0