Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ Ресейге салынған санкцияны жеңілдетпек

АҚШ Ресейге салынған санкцияны жеңілдетпек

АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеумен қарым-қатынасты қалпына келтіріп, Украинадағы соғысты тоқтатуға ұмтылғандықтан, Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдету жоспарын әзірлеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Ақ үй Мемлекеттік департамент пен Қаржы министрлігіне алдағы күндері ресейлік өкілдермен талқылау үшін қандай санкцияларды жұмсартуға болатынын анықтайтын тізім әзірлеуге тапсырма берген. Бұл кең ауқымды дипломатиялық және экономикалық келіссөздердің бір бөлігі ретінде қарастырылуда.

Дереккөздерге сәйкес, санкцияларды қадағалайтын органдар жекелеген тұлғалар мен компанияларға, оның ішінде кейбір ресейлік олигархтарға қарсы шектеулерді алып тастау туралы ұсыныстар дайындап жатыр.

Мұндай "нұсқалық құжаттар" санкцияларды талқылауға жауапты шенеуніктер тарапынан жиі әзірленеді, бірақ Ақ үйдің бұл мәселе бойынша соңғы күндердегі нақты сұранысы Трамп пен оның кеңесшілерінің Мәскеумен ықтимал келісім аясында санкцияларды жеңілдетуге дайын екенін көрсетеді.

Вашингтон санкцияларды жеңілдету үшін Ресейге қандай нақты талаптар қоятыны әзірге белгісіз.

Ресей – әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің бірі. Егер АҚШ оның энергетикалық секторына салынған санкцияларды жұмсартса, бұл отын бағасының қымбаттауына жол бермеуі мүмкін. Бұл, әсіресе, Трамп Иран экспортына шектеуіне байланысты.

Ақ үй, Мемлекеттік департамент, Қаржы министрлігі және Вашингтондағы Ресей елшілігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме бермеді.

Кремль былтыр Джо Байден әкімшілігі кезінде АҚШ-пен қарым-қатынасты "нөлден де төмен" деп сипаттаған еді. Байден Украинаға әскери және қаржылай көмек көрсетіп, 2022 жылы басталған Ресей-Украина қақтығысына жауап ретінде қатал санкциялар салған болатын.

Алайда соғысты тез аяқтауға уәде берген Трамп АҚШ саясатын күрт өзгертіп, 12 ақпанда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Мәскеумен тікелей келіссөздерді бастаған. Кейін Сауд Арабиясы мен Түркияда АҚШ пен Ресей шенеуніктерінің кездесулері өткен.

АҚШ 2022 жылы Мәскеудің мұнай-газ секторынан түсетін табысын шектеу және соғысты қаржыландыру мүмкіндігін әлсірету мақсатында санкциялар енгізді.

Батыс елдері Вашингтонның жетекшілігімен Ресей мұнайының экспорттық бағасын 60 доллардан асырмау үшін шектеу енгізді. Сондай-ақ Байден Ресейдің энергетикалық компаниялары мен мұнай тасымалдайтын кемелеріне қарсы санкциялар салды. Оның әкімшілігі 10 қаңтарда, қызметінен кетер алдында, ең қатаң шараларын жариялаған болатын.

Трамп қаңтарда Ресейді Украинадағы соғыс бойынша келіссөздерге келуге көндірмесе, санкцияларды күшейтемін деп ескерткен еді. Алайда соңғы уақытта оның әкімшілігінің өкілдері Мәскеуге санкциялық қысымды бәсеңдету мүмкіндігін ашық мойындап отыр.

Қаржы министрі Скотт Бессент 20 ақпанда Bloomberg телеарнасына берген сұхбатында Ресейге экономикалық жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін екенін, бірақ бұл оның алдағы келіссөздерге қалай қарайтынына байланысты болатынын айтты. Ал 26 ақпанда Трамп журналистерге Ресей санкцияларын "бір сәтте" жеңілдетуге болатынын мәлімдеді.


Фото:  ​baq.kz​​​ 
04 наурыз 2025 ж. 31 0