Зеленский: Трамп тұсында Украинадағы соғыс тезірек аяқталады

"Трамп Киевтен Ресеймен келіссөзге қатысуды талап етті ме?" деген сұраққа Зеленский "Украинаның тәуелсіз мемлекет" екенін атап өтті.
"Соғыс кезінде халқымыз және мен де АҚШ және Трамп, Байден, Еуропа жетекшілерімен келіссөз кезінде "отыр да тыңда" деген риторика жарамсыз екенін дәлелдедік" деді Украина президенті.
Сұхбаттың толық нұсқасы сенбі, 16 қаршада жарияланбақ.
- Сайлауалды кампаниясы кезінде Дональд Трамп президент болып сайланса, Украинадағы соғысты бір тәулік ішінде аяқтай алатынын айтқан.
- Трамп төңірегіндегі адамдар Украинаны тіпті тиімсіз шарттармен Мәскеумен бейбіт келіссөзге итермелеуі мүмкін екенін меңзеген. Трамп президент болып сайланғаннан кейін ақпарат құралдары оның штабында жасалған жоспар "соғыста үзіліс жариялауды" қарастыратынын жазды. Бірақ Трамптың өзі соғысты қалай тоқтатуға қол жеткізбек болып отырғанын айтпаған. Сайлауалды кампаниясы кезінде ол Ресеймен қатынасты қалпына келтіретінін де, Джо Байден әкімшілігі Ресеймен тым жұмсақ саясат ұстанғанын да айтқан.
- Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Дональд Трамптың "қазіргі әкімшіліктен айырмашылығы, ол Ресейге стратегиялық соққы жасаймын деп айтпайды" деген.