Түркиядағы қарттар саны 96 елдің халқынан көп

Жер халқының саны 2024 жылы 8 миллиард 161 миллион 973 мың адамды құрады. Бұл ретте егде жастағылар — 10,2 пайыз.
Қарастырылып отырған кезеңде Түркия халқының саны 85 миллион 664 мың 944 адамға жетті. Қарттар ел халқының 10,6 пайызын немесе 9 миллион 112 мың 298 адамды құрайды.
Түркиядағы қарттардың саны Швейцария, Сербия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Армения және Исландия сияқты 96 елдің халқынан асып түседі.
Ал, Қытай 2024 жылы 208 миллион 147 мың 281 адамдық көрсеткішпен қарттар саны бойынша бірінші орында тұр. Одан кейінгі орында Үндістан — 103 миллион 691 мың 375 және АҚШ — 61 миллион 930 мың 598.
Халықтың жалпы санында егде жастағы адамдардың үлесі ең жоғары ел Монако болды — 36,2%. Монако халқының жалпы саны 38 631 адам, оның 13 972-сі қарт адамдар. Монакодан кейін Жапония — 29,8%, Италия — 24,6%, Португалия — 24,5% және Грекия — 23,9%.
Халықтың жалпы санындағы егде жастағы адамдардың үлесі ең төмен елдер қатарына Катар (1,7%), Біріккен Араб Әмірліктері (1,8%), Замбия (1,9%), Чад пен Судан (2,1%) және Орталық Африка Республикасы (2,2%) кірді.
Фото: Нұрболат Нұржаубай