Өзбекстан халқының саны 36 миллионнан асты
9 желтоқсандағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 36 миллион адамнан асты. Бұл туралы елдің статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аталған комитеттің мәліметінде ерлер саны 18,1 миллион, ал әйелдер 17,9 миллион деп көрсетілген.
Жылдың алғашқы үш тоқсанының қорытындысы бойынша (1 қазандағы жағдай бойынша) тұрақты халықтың саны 549,7 мың адамға немесе 1,6%-ға ұлғайып, 35,821 млн адамды (ерлер – 18,024, әйелдер – 17,796 млн) құрады. 2022 жылдың басында тұрақты халық саны 35,271 миллионнан астам адамды құрады (оның ішінде ерлер – 17,744 миллион, әйелдер – 17,527 миллион).
2021 жылы Өзбекстанның тұрақты халқы 712,4 мың адамға немесе 2,1%-ға өсті.
Тұрақты халық – белгілі бір елді мекенде немесе аумақта санақ жүргізу кезінде тұрақты тұратын, оның ішінде уақытша болмаған халық.
Халық саны бойынша Өзбекстан әлемде 41-орында.