Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғыз халқы он үш жыл ішінде 1,6 млн адамға өсті

Қырғыз халқы он үш жыл ішінде 1,6 млн адамға өсті

Халық санағының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Қырғызстан халқының нақты саны белгілі болды. ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халық санағының қорытындысы бойынша елдің тұрақты тұрғындарының саны 2009 жылғы халық санағымен салыстырғанда 13 жыл ішінде 1,6 млн адамға өсіп, орташа жылдық өсу қарқыны 2,1%-ды құрады. Жалпы 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қырғыз халқының саны 6 миллион 977 мың адамды құрады.

Айта кетсек, биылғы маусым-тамыз айлары аралығында Қырғыз статистика комитеті халық және тұрғын үй қоры санағының мәліметтерін өңдеудің бірінші кезеңін өткізді. Екінші кезең ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Халықты есептеу 2009 жылғы халық санағының қорытындысы және демографиялық оқиғалардың ағымдағы жазбасының айлық деректері негізінде жүргізілді.

inform.kz
08 қыркүйек 2022 ж. 931 0