Қадір түніне орай 300-ден аса сотталушы түрмеден босатылады
Рақымшылыққа 321 сотталушы іліккен.
Қадір түніне орай 300-ден аса сотталушы түрмеден босатылады

Отырыс барысында Түркменстан Президентінің азаматтық және кешірім беру мәселелері бойынша ұсыныстар даярлау комиссиясының төрағасы, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Б. Гундогдыев Қадір түні қарсаңында сотталғандарды кешіру жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелері туралы баяндама жасады.
Баяндаманы тыңдаған Президент Сердар Бердымухамедов түрмеде жазасын өтеп жатқан 321 азаматты кешіру туралы Жарлыққа қол қойды.
Аталған елдің Президенті комиссия төрағасына құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесе отырып, рақымшылыққа іліккен азаматтарды уақытында босатып, оларды отбасыларына қайтаруды тапсырды.
Сондай-ақ Президент оларға тілегін жеткізді.
Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Фото: turkystan.kz.