Эр-Риядтағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

Dpa агенттігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясының астанасындағы америкалық және ресейлік делегациялардың кездесуі жабық есік жағдайында өтіп, 10 сағаттан астам уақытқа созылған. Тараптардың қандай да бір келісімдерге қол қойғаны туралы айтылмады.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 25 наурызда телеарнаға берген сұхбатында Эр-Риядтағы келіссөздердің аспектілері туралы айтады, деп хабарлады Мария Захарова.
Бұған дейін жазғанымыздай, Америка үкіметінің отырысында Трамп Сауд Арабиясында өтіп жатқан келіссөз барысы туралы айтты. Онда АҚШ делегациясы Украина және Ресей өкілдерімен бөлек кездесіп жатыр.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ТАСС