Ресей мен Украинаның келесі келіссөзі Ыстанбұлда өтеді
Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздің келесі раундын Ыстанбұлда өткізу туралы уағдаласты, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Ресей делегациясының басшысы, Президент көмекшісі Владимир Мединский Ресей мен Украина делегацияларының кезекті келіссөзі 29-30 наурызда өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлап еді.
Сондай-ақ Ердоған жексенбі күні Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Анкара Ресей мен Украина арасында бейбітшіліктің орнауына ықпал етуді жалғастыратынын атап өткен.
«Президент Ердоған Ресей мен Украина арасында қысқа уақытта бітім мен бейбітшілік орнату, сондай-ақ өңірдегі гуманитарлық жағдайды жақсарту қажеттігін, Түркия бұл жағдайға өз үлесін қосуды жалғастыратынын айтты», деп хабарлады Түркия Президентінің кеңсесінен.