Назарбаев ЕАЭО-ға қолдау көрсететінін айтты

Назарбаев Ресей Қазақстанның барлық сала бойынша сенімді серіктесі екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Назарбаев пен Путин ғылым және білім саласындағы әріптестік мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне барады."Интегрециялық бірлестік жұмыс істеп жатыр әрі мүмкіндігі мол деп есептеймін. Құрметті төрағасы ретінде оның алдағы уақытта дамуына қолдау көрсетемін", - деді Назарбаев.
Соңғы бес жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге 16 рет барды. Өткен жылдың желтоқсанында Назарбаев ЕАЭО Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өткен ЕАЭО саммитіне қатысты. Сондай-ақ, Елбасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде болды.
Өткен аптада, 7 наурызда Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей-Түркия келіссөздерінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.