Қытайда аниматор қыз алып балыққа жем бола жаздады

Алып балыққа жем бола жаздаған 22 жастағы Машаның айтуынша, оқиға 28 қаңтарда Сишуанбан қаласында болды. Өтіп бара жатқан балық қыздың басына жармасып, бетін зақымдаған, сондай-ақ оның мұрын қыстырғышы мен көзілдірігін жеп қойды.
Машаның сөзінше, оның басы, мойны және көзі қатты ауырады. Қызға моральдық зиян үшін 700 юань төленген. Алайда, бастапқыда жұмыс берушілер 500 юаньнан артық өтемақы төлеуден бас тартыпты.
Бұған дейін саябақ басшылығы Марияға бұл туралы айтуға тыйым салған. Мысалы, парк иелері оған оқиғаға қатысты бейнелерді жариялауға тыйым салып, бірнеше рет хабарласқан.
Фото: baq.kz