Қызылордада ән салған Ерке Есмаханды халық таптап кете жаздады

Кеше Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Ерке Есмахан сынды бірқатар эстрада жұлдыздары Қызылорда халқына арнап тегін концерт қойды. Алдын ала болжам бойынша, кешке 40 мың адам келген. Жанды дауыста өткен концерт кезінде халық ән тыңдап қана қоймай, әншілермен суретке де түсіп үлгерді. Алайда бұл жағдай Ерке Есмаханға кедергі келтірді.
"Мәссаған, мен жаңа әнімнің сөзін ұмытып қалдым ғой. Өзімді естімедім. Сіздер маған кедергі жасап жатсыздар. Өтініш, ән айтайыншы. Мені келесі жолы концертке емес, суретке түсу үшін шақырасыздар-ау деймін. Халық мені сүйреп, тартып, қысып жақсы көреді ғой", - деді Ерке Есмахан.