Аралдағы апат: мамандар 5 балдық жер сілкінісін тіркеді
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мамандары Индонезияда 5 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 530 мыңдай адам тұратын Генерал Сантос қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 156 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпуінің ошағы 10 км тереңдікте орналасқан.
Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ аймақта цунами қаупі жарияланған жоқ.
Бұған дейін Индонезияның Симелуэ аралының жағалауында 5,8 баллдық жер сілкінісі тіркелген болатын.
Фото: baq.kz






		
		



