Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіл ұшақ тас жолға құлады: қаза тапқандар бар

Жеңіл ұшақ тас жолға құлады: қаза тапқандар бар

АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока-Ратон қаласында жеңіл моторлы Cessna 310R ұшағы апатқа ұшырап, жол бойына құлады. Оқиға салдарынан адам өлімі тіркелді. Құрбандар саны нақтыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшқыштар ұшақ рөлін басқара алмай, диспетчерлік қызметке төтенше жағдай туралы хабарлаған. Ұшақ біраз уақыт әуежай маңында айналып, жанармай шығару операциясын жүргізген.

Алайда әуе көлігі теміржол және жолайрық маңындағы аумаққа құлаған. Қатты соққыдан кейін фюзеляж отқа оранып, өрт шыққан. Құтқарушылар өртті сөндіріп үлгерген. Жергілікті полиция апат болған эстакаданы уақытша жауып тастады.

Апаттың нақты себептері анықталып жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Фото: baq.kz
12 сәуір 2025 ж. 79 0