Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қателескен»: ЭКО жасатқан әйел басқа адамның баласын дүниеге әкелді

«Қателескен»: ЭКО жасатқан әйел басқа адамның баласын дүниеге әкелді

Kyzylorda-news.kz Австралияда ЭКО жасатқан әйел эмбриондардың ауысып кетуі салдарынан бөтен адамның баласын дүниеге әкелген. Себебі ұрықтандыру клиникасының қызметкерлері бөтен әйелдің эмбриондарын оның жатырында орналастырған, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Оқиға Брисбенде орналасқан Monash IVF ұрықтандыу клиникасында болған.

Клиника қызметкерлері баланың ата-анасы қалған мұздатылған эмбриондарды басқа клиникаға ауыстыруды сұраған кезде ғана өздерінің қателескенін білген.

Monash IVF клиникасы басқа пациенттің эмбрионы бөтен әйелге енгізілгенін растап, нәтижесінде бала дүниеге келгенін хабарлады.

    «Бұл жағдай үшін шын жүректен кешірім сұраймын», – деді Monash IVF бас директор Майкл Кнапп.

Осы оқиғадан кейін клиникада тергеу жүргізіліп, бұл адам қателігінен болған жалғыз жағдай екені анықталған.

Брисбен клиникасы зардап шеккен пациенттермен кездесіп, олардан кешірім сұрап, көмек көрсету жұмыстарын барынша атқаруда.

Былтыр осы клиникада тағы да шу шыққан. Клиника ол кезде пациенттеріне тірі эмбриондары жойылғаны үшін сот шешімі бойынша 56 миллион доллар (26,8 миллион фунт) өтемақы төлеген.

IVF (ин витро ұрықтандыру) – әйелдің жұмыртқалары алынатын, кейін олар зертханада сперматозоидтармен ұрықтандырылатын процесс. Ұрықтанған жұмыртқалар эмбриондарға айналғанда, олар әйелдің жатырында орналастырылады. Бұл қымбат процесс болып табылады және әрқашан сәтті бола бермейді.

2021 жылы Австралия мен Жаңа Зеландияда 20 690 бала IVF нәтижесінде дүниеге келген, деп хабарлады Жаңа Оңтүстік Уэльс университеті.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
13 сәуір 2025 ж. 249 0