Токио – шөгетін қала

Ғалымдардың есебі бойынша, Токио жылына 1-2 сантиметр шөгеді. Бұл аз болып көрінуі мүмкін, бірақ 10 жылда 15–20 см деген сөз. Өйткені қала астындағы жерасты суларын шамадан тыс сорып алу жер қабатының тығыздалуына себеп болып отыр. Сондай-ақ Токио ғимараттары, метро жүйесі, көпірлер мен жолдар өте тығыз орналасқандықтан ауырлық жердің табиғи көтергіш қабілетін әлсіретіп жатыр. Қазір Жапония үкіметі арнайы жобалар жасап, шөгу үдерісін тоқтатуға тырысып жатыр. Бірақ табиғатпен текетірес оңай шаруа емес.
Айтолған ЖҮНІСХАН
Фото: egemen.kz