Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда аспалы жол кабинасы құлап, төрт адам қаза тапты

Италияда аспалы жол кабинасы құлап, төрт адам қаза тапты

Италияның Неаполь провинциясындағы Монте-Файто тауында аспалы жол кабинасы жардан құлап, салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы бір адам ауыр жарақат алып, бір жолаушы із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға аспалы жолдың қауіпсіздік жүйесі кабиналарды автоматты түрде тоқтатқан сәтте болған. Алайда ішінде төрт жолаушы мен екі қызметкер болған бір кабина жардан құлап кеткен.

ANSA агенттігінің мәліметінше, мерт болғандардың екеуі — Ұлыбритания азаматтары, біреуі — Израиль азаматы. Қалған бір адамның азаматтығы әзірге нақтыланбаған.

Құтқарушылар апат кезінде басқа кабинада қалып қойған 11 адамды арнайы қауіпсіздік белбеулері арқылы эвакуациялап, оларды Кастелламаре-ди-Стабия тау базасына жеткізген.

Құтқару жұмыстары теңіз деңгейінен шамамен 1200 метр биіктікте жүргізіліп жатыр. Ауа райының қолайсыздығы мен қалың тұман құтқарушылардың жұмысын қиындатып отыр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер, карабинерлер, полиция және азаматтық қорғаныс қызметінің мамандары жұмылдырылған.

Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін прокуратура оқиғаға қатысты тергеу жүргізуді бастайды.

Фото: egemen.kz
18 сәуір 2025 ж. 137 0