Рим Папасы өмірден өтті

«Құрметті бауырлар мен әпкелер, біздің ең қасиетті әкеміз Францисктің қайтыс болғанын үлкен қайғымен хабарлаймыз.
Ол ғұмырын құдайға және оның шіркеуіне қызмет етуге арнады», деді кардинал Кевин Фаррелл.
Оның айтуынша, Рим Папасы 21 сәуір күні сағат 07:35-те қайтыс болған.
Ал бір күн бұрын Рим Папасы Франциск Пасха мерекесінде бой көрсеткен. Әлемдік БАҚ оның сол сәтте өте әлсіз көрінгенін атап өтіп жатыр.
Айта кетейік, Рим Папасы Франциск Қазақстанға алғаш рет апостолдық сапармен 2022 жылдың 13 қыркүйегінде келген болатын.
Фото: egemen.kz