Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таиландта ұшақ теңізге құлап, бес адам қаза тапты

Таиландта ұшақ теңізге құлап, бес адам қаза тапты

Әуе апаты жұма күні таңертең Хуа Хин әуежайының маңында болды, деп хабарлайды Egemen.kz Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.

Ұшақ апатынан үш ұшқышты қосқанда бес адам қаза тауып, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ұшақ Таиланд шығанағында, Петчабури провинциясындағы Baby Grande Hua Hin қонақүйінің маңында құлаған.

Ұшақ бортында үш ұшқыш, екі механик және ұшақ инженері болған. Механиктердің бірі із-түзсіз жоғалып, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізіледі.
Фото: egemen.kz​​​
25 сәуір 2025 ж. 129 0